ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ 2020 ЖОЛ КАРТАСЫ

Жұмыссыздармен кездесу

2017 жылдың наурыз айының 3 күні сағат 11 «Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының өкілі Алданазарова Карлыгаш Сахимбековнаның қатысуымен өткен Алматы қаласының жұмыссыздарымен кездесу болды.

Жұмыссыздарға жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік көмек алу туралы түсіндіру, сонымен қатар міндетті медициналық сақтандыру туралы ақпараттар жүргізілді.

Кездесу барысында халықты жұмыспен қамту орталығының директор орынбасары Жекетаев Керімқұл Әмірқұлұлы жұмыссыздарға нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламаға қатысу шарттары туралы ақпарат берді.

Аймақ: 
Алматы қ.
07.03.2017