ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ 2020 ЖОЛ КАРТАСЫ

Ауезов ауданы бойынша Орта оқу орындарының түлектерімен және жұмыссыздармен кездесу, Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жыл 31 қаңтардағы Жолдауын талқылау

Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы Әуезов аудандық бөлімі 2017 жылы 24 ақпанда сағат 11:00-де Қазақ Қатынас Жолдары Университетінің ғимаратында Әуезов ауданында орналасқан орташа оқу орындарының түлектері мен жұмыссыз азаматтармен кездесу өткізді.

          Бұл жиынға Қазақ Қатынас Жолдары Университеті оқу бөлімінің декан орынбасары А.У. Кенжебай, Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы Әуезов аудандық бөлімінің мамандары Д.А. Шакирова, Ш.К. Чупекова, Т.Т. Каракулов, сонымен қатар 60 адамнан аса колледж оқытушылары мен түлектері және 40 адамнан аса жұмыссыз азаматтар қатысты.

         Қазақ Қатынас Жолдары Университеті оқу бөлімінің декан  орынбасары А.У. Кенжебай қатысушыларды ел Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауымен таныстырды. Ағымдағы жылдың жолдауы – өткен жылдың жолдауында белгіленген Қазақстанның әлемнің 30 дамыған елдері қатарына кіруі міндетін орындау. Бұл нақты тәжірибелік жұмыс бағдарламасы сөзсіз барлық қазақстандықтарды қамтуы тиіс.

         Әуезов аудандық бөлімінің маманы Д.А. Шакирова, бұл кездесу барысында, жиын қатысушыларын нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасымен таныстырып, оларды осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін белсенді қатысуға шақырды.

 

Аймақ: 
Алматы қ.
06.03.2017