ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ 2020 ЖОЛ КАРТАСЫ

Қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығы ашық есік күнін ұйымдастырды

2017 жылдың 9 ақпанда қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығында Қазақстан Республикасында конституциялық реформаларды ілгерілетуге орайластырылған Ашық есіктер күні өтті.
Аталмыш іс-шараның басты мақсаты – азаматтарды Қарағанды қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметі жайлы ақпараттандыру.
Келушілер азаматты жұмыссыз деп тану жағдайлары мен тәртібі жайлы, сондай-ақ уақытша жұмыстарға, кәсіптік оқуға қатысу, «Өрлеу» жобасының аясында жұмысқа орналасу және өз бизнесін ашу мүмкіндігі туралы ақпараттар алды. 
Жұмыспен қамту орталығының мамандары жұмыс іздеушілерге және белгіленген тәртіпте жұмыссыз деп танылған азаматтарға кеңес берді, «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою», «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру», «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру» сияқты мемлекеттік қызметтер көрсету технологиясымен, сондай-ақ жұмыс берушілер қажеттілігі ескерілген өзекті бос орындар тізімімен таныстырды.
Әрбір азамат лайықты жұмыс таңдау бойынша қажетті кеңестер мен ұсыныстар алды. Келушілердің барлығына мол ақпараттық материалдар (буклеттер, үнпарақтар) ұсынылды.
Іс-шараға 118 адам қатысты. Ашық есіктер күнінің қорытындысы бойынша бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшін 55 жолдама берілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 6 адам, қоғамдық жұмысқа 3 адам жіберілді. 15 адам кәсіптік даярлыққа жазылды. «Өрлеу» жобасы бойынша 10 адамға кеңес берілді.
«Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілген ашық есіктер күні жұмыс іздеп жүрген қала тұрғындарымен өзара ықпалдасу тиімділігін нығайтуға, сондай-ақ, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыруға бағытталған.

Аймақ: 
Қарағанды облысы
20.02.2017