ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ 2020 ЖОЛ КАРТАСЫ

Н.Д.Суюндиков Приоезрск қаласында нан – тоқаш өнімдерін сатады

Суюндиков Нұрлан Джумадильевич  22.06.1965 жылы туылған. Приозерск қаласының Жұмыспен қамту орталығына 2012  жылдың ақпан  айында, "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы " бағдарламасы бойынша толық кеңес алуға жүгінді.

2012 жылдың 7 тамызынан бастап 29 қыркүйегіне дейін кәсіпкерлік негіздері бойынша оқу  курсынан  өтіп, сертификат алды.

Барлық ұсынылған құжаттар "Синтек" ШНҰ ЖШС тарапынан тексерілді және мақұлданды. Нәтижесінде оған өзінің нан-тоқаш наубайхана кәсібін кеңейту үшін 2,5 млн. теңге несие сомасы бөлінді.

2016 жылдың қыркүйек айында Н. Суюндиков алдын алған шағын несиені мерзімінен бұрын өтеп, ол Приозерск қаласының халықты жұмыспен қамту орталығына шағын несие алу мақсатында өтініш білдірді. 2016 жылдың қыркүйек айының соңында 4,0 млн.теңге көлемінде шағын несие алды.

Шағын несие алғаннан кейін ол өз бизнесін кеңейтіп, нан – тоқаш өнімдерін сатуды жалғастырды. Жеке әңгімелесу барысында, Н. Суюндиков ҚР Үкіметіне өз ризашылығын білдіреді, себебі бұл мемлекет тарапынан жеке кәсіпкерлерге жеке кәсібін ашуға және оны әрі қарай дамытуға бірден-бір мүмкіндік айтып өтті.

Аймақ: 
Қарағанды облысы
15.02.2017