ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ 2020 ЖОЛ КАРТАСЫ

Шұңқыркөл ауылында қара мал өсірумен айналасу

1969 жылы туылған Елеусізов Болатбек Жаксылықұлы жеке кәсіпкер. 2016 жылдың 18 сәуірінде ірі қара мал алу үшін   шағын несие  сауалы бойынша   жұмыспен қамту орталығына жолықты.
 Ауыл шаруашылық қаржылық қолдау қоры  Б.Ж.Елеусізовтың  сұранымын қарастыра отырып 2016 жылдың 31 мамыр айында  қаржылық жобасына оң нәтижесін берді. 2016 жылдың 24 маусым айында Болатбек Жаксылықұлы шағын несиені  ірі қара мал  алып өсіріп соңында сүт өнімін іске асыру үшін алды.
  Қазіргі таңда Болатбек  Жаксылықұлы  Шұңқыркөл ауылында өзінің сүт өнімін «REN-MILK» ЖШС-не өткізеді. Жұмыспен қамту орталығы арқылы жаңа жұмыс орнына 1 адам тұрғызылды.

Аймақ: 
Қарағанды облысы
20.01.2017