ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ 2020 ЖОЛ КАРТАСЫ

Call-орталық

Назар аударыңыздар!       

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді  ведомствоаралық есептеу орталығы»  дирекциясының Байланыс-Орталығы төмендегі  интерфейстер бойынша: телефон байланысы – 1411 – бірыңғай тегін нөмірі, электрондық почта, web-портал, сұратылған елді мекен бойынша бос жұмыс орны туралы SMS-хабарлама арқылы кеңес беруді жүзеге асырады.

1411 ақысыз бірыңғай шағын нөміріне қоңырау шалып,  Сіз өзіңізге төмендегі бағыттар бойынша ақпараттық-кеңес қызметін ала аласыз:

·     зейнетақымен қамсыздандыру;

·     әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік сақтандыру;

·     халықты жұмыспен қамту;

·     еңбек қатынастары;

      ·     мүгедек-балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға онлайн-психологиялық кеңес беруге өтінімдерді қабылдау.

Сіз қалалық және ұялы телефондардан қоңырау шала аласыз.

ҚОҢЫРАУ ШАЛУ  ТЕГІН.

Операторға өз сұрағыңызды күн сайын сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін сенбі, жексенбіден басқа күндері қоя аласыз.

Егер өз сұрағыңызды жазба түрінде жолдау қажет болса, Сіз

info@info.mintrud.kz электрондық почтасы,

www.info.mintrud.kz web-порталы арқылы жүгіне аласыз.

Сонымен қатар, 1411 нөміріне тегін SMS хабарламаны жолдап, өз елді мекеніңізде, қалада бос жұмыс орындары туралы ақпарат ала аласыз. Сұраудан кейін  ұялы телефоныңызға сұратылған мамандық бойынша  бос жұмыс орындары бар жұмыс берушілердің байланыс ақпаратымен хабарлама жіберілетін болады.

SMS-хабарламаның үлгісі: *жұмыс*қала коды*мамандық#

Мысалы: *жұмыс*7172*жүргізуші#

    *жұмыс*7282*мұғалім#

    *жұмыс*72834*медбике#

SMS хабарламаны қабылдау және жiберу тегін.