ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ 2020 ЖОЛ КАРТАСЫ

Сәтті жобалар

      Кибаев Ахмет Даутұлы

  «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысқанға дейінгі мәртебесі – өзін-өзі жұмыспен қамтыған.

     «Жұмыспен қамту орталығы» КММ-не  «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде Кибаев Ахмет Даутұлы жүгінді. «Кәсіпкерлік негіздері» оқып сертификатын алды. Толық құжаттар пакетін жинағаннан кейін, үміткер Тараз қаласындағы Ауыл шаруашылығының қаржылай қолдау қорына бағытталды. Мақұлдауды алғаннан кейін, Кибаев Ахмет Даутұлы  3000,0 мың. теңге несие алып, ТЖО ашты. Бүгінгі күнге көлік жөндеумен шұғылдануда. Қазіргі таңда 1 жаңа  жұмыс орын ашты.

Мекен-жайы: Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Карасу ауылы, Чуйская көшесі, 126 үй.

Жамбыл облысы, 16.03.2017

  Бағдарламаға қатысушы–  Қарабеков Болат Тажиевич

  Туылған күні, жылы– 26.10.1961.

  Бағдарламаға қатысудың тарихы

 

         Білімі арнаулы орта мамандығы токарь.  “Жұмыспен қамту 2020 жол картасы” бағдарламасының іске асырылуы туралы БАҚ-ы арқылы естіп, Бағдарламаның екінші бағытына қатысуға шешім қабылдады.

       13.07.2016 жылы Жұмыспен қамту орталығы арқылы өз ісің ашуға 3 млн теңге несие алды. Несиеге алған қаражатына 113 бас қой  сатып алды. Қазіргі таңда мал басын көбейтуде. Салық органына жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп “Карабеков Б.Т” ЖК басшысы. 2 азаматты жұмыспен қамтуда.

“Жұмыспен қамту 2020 жол картасы” бағдарламасының нәтижелеріне ризашылығын білдіреді: өз ісің ашқанға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, тұрақты табысқа қол жеткізуге және сүйікті іспен айналысуға мүмкіндік берген.

Жамбыл облысы, 16.03.2017

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысқанға дейінгі мәртебесі жұмыссыз.

2016 жылы «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту орталығы» ММ-не  «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде Сарыев Қуат өтініш білдірді. Мамандардың кеңесінен кейін өз ісін ашу үшін 3,0 млн. теңгеге шағын несие алуға шешім қабылдады. Құжаттарын толық жинағаннан кейін, үміткер Ақтөбе қаласындағы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на жолданды. Құжаттары мақұлданғаннан кейін, Қуат 2016 жылдың маусымында жылыжай ашып, ауыл тұрғындарын көкөністермен қамтамасыз ету мақсатында шағын несие алды.

1 жаңа жұмыс орны құрылды.

Телефон: 8(775) 4245422

Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Благодар ауылдық округі, Қызылжар елді мекені, уч. 410.

Ақтөбе облысы, 24.02.2017

Суюндиков Нұрлан Джумадильевич  22.06.1965 жылы туылған. Приозерск қаласының Жұмыспен қамту орталығына 2012  жылдың ақпан  айында, "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы " бағдарламасы бойынша толық кеңес алуға жүгінді.

2012 жылдың 7 тамызынан бастап 29 қыркүйегіне дейін кәсіпкерлік негіздері бойынша оқу  курсынан  өтіп, сертификат алды.

Барлық ұсынылған құжаттар "Синтек" ШНҰ ЖШС тарапынан тексерілді және мақұлданды. Нәтижесінде оған өзінің нан-тоқаш наубайхана кәсібін кеңейту үшін 2,5 млн. теңге несие сомасы бөлінді.

2016 жылдың қыркүйек айында Н. Суюндиков алдын алған шағын несиені мерзімінен бұрын өтеп, ол Приозерск қаласының халықты жұмыспен қамту орталығына шағын несие алу мақсатында өтініш білдірді. 2016 жылдың қыркүйек айының соңында 4,0 млн.теңге көлемінде шағын несие алды.

Қарағанды облысы, 15.02.2017

1971 жылы туылған Жанзаков Ерлан Галымжанұлы жеке кәсіпкер, 2016 жылдың 15 сәуірінде ірі қара мал алу үшін  шағын несие  сауалы бойынша   жұмыспен қамту орталығына жолықты.

Ауыл шаруашылық қаржылық қолдау қоры  Е.Ғ.Жанзаковтың  сұранымын қарастыра отырып 2016 жылдың 10 маусым айында қаржылық жобасына оң нәтижесін берді.

2016 жылдың 02 тамыз айында Ерлан Галымжанұлы шағын несиені  малшаруашылығын асылдандыру мақсатында ірі қара мал және асылтұқымды бұқа алып өсіру соңында ет өнімін іске асыру үшін алды.

Қазіргі таңда, Ерлан Галымжанұлы Шұңқыркөл ауылында өзінің ет өнімін Осакаровка кенті және Қарағанды қаласына өткізеді. Жұмыспен қамту орталы арқылы жаңа жұмыс орнына 1 адам тұрғызылды.

Қарағанды облысы, 15.02.2017

     Қадірбаев Қали Елубаевич, 13.04.1961 жылы туылған, Жаңаарқа ауданының тұрғыны, жеке кәсіпкер. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысқанға дейін өзін-өзі жұмыспен қаму дәрежесінде болған.
       16.08.2016 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде «Жаңаарқа ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-не тіркелді.
Халықты жұмыспен қамту орталығының маманынан кеңес алғаннан кейін  өз ісімен айналысу үшін, 3 млн.теңге көлемінде несие алуға керекті құжаттарды жинауға кірісті. Толық құжаттарды жинағаннан кейін, үміткер Қарағанды филиалы АҚ «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» Қарағанды қаласына жолданды. 12.10.2016 жылы несие алуға мақұлданғаннан кейін Кадирбаев Кали Елубаевич алынған қаржыға жабдықтар сатып алып, Жаңаарқа ауданында ағаш өндеу цехын ашты. Бүгінгі күні ағаш өңдеу цехы сәтті жұмыс істеп отыр.

Қарағанды облысы, 02.02.2017

Гүлнар Манапқызы Бакирбасова 1975 жылы 5 наурызда туған, білімі орта-кәсіптік, мамандығы -бухгалтер.Бағдарламаға қатысқанға дейін Бакирбасова Г.М. жұмыссыз болатын. 
Қазіргі таңда Гүлнар Манапқызы –  жеке кәсіпкер,  өз бизнесін дамытып келеді. 2016 жылы  «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағадарламасының 2 бағыты бойынша 1,1 млн теңге көлемінде  шағын несиеалып  наубайхана ашумен айналасты. Гүлнар Манапқызы ағымдағы жылғы қыркүйек айында Кішкенекөл ауылында шағын наубайхана ашыты. Бір жұмыс орынын ашты.

Солтүстік Қазақстан облысы, 23.01.2017

1969 жылы туылған Елеусізов Болатбек Жаксылықұлы жеке кәсіпкер. 2016 жылдың 18 сәуірінде ірі қара мал алу үшін   шағын несие  сауалы бойынша   жұмыспен қамту орталығына жолықты.
 Ауыл шаруашылық қаржылық қолдау қоры  Б.Ж.Елеусізовтың  сұранымын қарастыра отырып 2016 жылдың 31 мамыр айында  қаржылық жобасына оң нәтижесін берді. 2016 жылдың 24 маусым айында Болатбек Жаксылықұлы шағын несиені  ірі қара мал  алып өсіріп соңында сүт өнімін іске асыру үшін алды.
  Қазіргі таңда Болатбек  Жаксылықұлы  Шұңқыркөл ауылында өзінің сүт өнімін «REN-MILK» ЖШС-не өткізеді. Жұмыспен қамту орталығы арқылы жаңа жұмыс орнына 1 адам тұрғызылды.

Қарағанды облысы, 20.01.2017

Кулов Нурлан Телманұлы 22.10.1973 жылы дүниеге келген, жұмыссыз. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасыныңның екінші бағыты бойынша 3,0 млн. теңге көлемінде несие алып, 17 бас асыл тұқымды қашар, 5 бас жылқы сатып алды. Алдағы уақыта шаруа қожалығың ашуы жоспарлануда. Қазіргі уақытта 1 жұмыссыз адамды жұмыспен қамтыды.

Батыс Қазақстан облысы, 13.01.2017

Сағызбаева Индира Аманбеқызы "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" Бағдарламасының екінші бағыты аясында шағын несие алу мақсатында Жұмыспен қамту орталығына жүгінеді. Бағдарламаға қатысудын алдында ол «Бизнес Кеңесші» жобасы аясында кәсіпкерлік  негіздеріне оқып, сертификат алады. Қажетті құжаттарды жинағаннан кейін, ол «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Маңғыстау филиалына жолданады. Индира  бес түйе малын ботасы мен  бірге алуға 54 ай мерзімге 3 000 000 (үш миллион) теңгеге қолдау алады. Қазіргі таңда ол 1 жұмыс орнын құрды.

Мекен жайы: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Қызылсай-Южный-34

Маңғыстау облысы, 12.01.2017

Беттер