ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ 2020 ЖОЛ КАРТАСЫ

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында  жұмыспен қамту туралы

Жамбылская область, 16.03.2017

2017 жылдың наурыз айының 3 күні сағат 11 «Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының өкілі Алданазарова Карлыгаш Сахимбековнаның қатысуымен өткен Алматы қаласының жұмыссыздарымен кездесу болды.

Жұмыссыздарға жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік көмек алу туралы түсіндіру, сонымен қатар міндетті медициналық сақтандыру туралы ақпараттар жүргізілді.

Алматы қ., 07.03.2017

Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы Әуезов аудандық бөлімі 2017 жылы 24 ақпанда сағат 11:00-де Қазақ Қатынас Жолдары Университетінің ғимаратында Әуезов ауданында орналасқан орташа оқу орындарының түлектері мен жұмыссыз азаматтармен кездесу өткізді.

          Бұл жиынға Қазақ Қатынас Жолдары Университеті оқу бөлімінің декан орынбасары А.У. Кенжебай, Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы Әуезов аудандық бөлімінің мамандары Д.А. Шакирова, Ш.К. Чупекова, Т.Т. Каракулов, сонымен қатар 60 адамнан аса колледж оқытушылары мен түлектері және 40 адамнан аса жұмыссыз азаматтар қатысты.

Алматы қ., 06.03.2017

2017 жылдың 9 ақпанда қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығында Қазақстан Республикасында конституциялық реформаларды ілгерілетуге орайластырылған Ашық есіктер күні өтті.
Аталмыш іс-шараның басты мақсаты – азаматтарды Қарағанды қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметі жайлы ақпараттандыру.
Келушілер азаматты жұмыссыз деп тану жағдайлары мен тәртібі жайлы, сондай-ақ уақытша жұмыстарға, кәсіптік оқуға қатысу, «Өрлеу» жобасының аясында жұмысқа орналасу және өз бизнесін ашу мүмкіндігі туралы ақпараттар алды. 

Қарағанды облысы, 20.02.2017

Жастарға арналған дәстүрлі қалалық  бос жұмыс орындар жәрмеңкесі  бағдарламасы:

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі, Заңгер кеңесі, Әлеуметтік сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдау.

Аталған іс-шара мақсаты - жұмыссыз, өзін-өзі қамтушы және аз қамтылған отбасылардың еңбекке қабілетті мүшелерін еңбекпен қамтудың белсенді шараларына тарту. Сонымен қатар, жоғарғы және арнаулы-орта оқу орындар түлектерінің алған мамандығы бойынша еңбек өтілін жинақтау мақсатында жастар тәжірибесіне жолдама беріледі.

Ақтөбе облысы, 17.02.2017

        2017 жылдың қаңтар айында  2416 адам  жұмыспен қамтудың белсенді түрлерімен қамтылып отыр, соның ішінде 964 адам тұрақты ваканттық жұмыс орындарына орналасты.  Ағымдағы жылы ақылы қоғамдық жұмыстарға 3212 адамды тартуға 875,1 млн. теңге қаралып, 1 ақпанға ақылы қоғамдық жұмыстарға 943  адам  жолданып,  олардың еңбек ақысына 27,8 млн. теңге жұмсалды. 2017 жылға әлеуметтік жұмыс орындарына 1054 адам жіберілуі жоспарланған, 190,8 млн.тг қарастырылды, есепті мерзімде 380 адам жебірілді. Ал жастар практикасына 1410 жас түлек жіберуге жоспарланып, 452,9 млн.тг қарастырылды, ағымдағы жылдың 1-ші ақпанына 129 адам жіберілді.

Жамбыл облысы, 10.02.2017

Облыста жұмыссыздық деңгейін төмендету және шағын кәсіпкерлікті, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылық негізінде ұсақ тауарлық өндірісті дамыту арқылы ауылдық  жерлерде өзін өзі өнімді еңбекпен қамтитын адамдар санын ұлғайту, өндіріс көлемін және ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеу көлемін арттыру мақсатында 2016 жылы Ақтөбе облысы «Кәсіпкерлікті дамыту» аясында пилоттық жобаға енгізілді.

Осы мақсатта «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» пилоттық жобасы әзірленіп, жүзеге асырылды.

Ақтөбе облысы, 01.02.2017

  Астана қаласында жастар практикасына қатысушылардың еңбек ақысы өсті. Жаңа жылдан бастап практикадан өтуге Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгенген оқу орындарының түлектеріне төленетін жалақы 71 900 теңге құрайды.
  Астана қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының уақытша жұмысқа орналастыру бөлімі басшысы Кульшиманова Қаламқастың айтуынша жастар практикасына қатысушылардың еңбек ақысы мемлекеттік бюджет қаражатынан субсидияланады және білім беру түлектеріне алғашқы тәжірибе алу үшін жүргізіледі.

Астана қ., 18.01.2017

     Тәуелсіздік Күні қарсаңыныда Қарағанды облысы Абай ауданының Топар кеңтінде «Энергетик» мәдениет сарайының ашылу салтанаты өтті. Халыққа толы залда мерекелік концерт өтті. Аудан тұрғындары, үлкені де, балаларда, ашылуын  көптен күтткен  мәдениет сарайына өте асықты, өйткені ол ашық түстермен жарқырап  өзгерген.

Қарағанды облысы, 17.01.2017

   Бұл әкімдіктің қаулысы Астана қаласының әділет Департаментінде тіркелді. Жаңа ережеге сәйкес қалалық жұмыс берушілерге жұмысшылар санына байланысты мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота бекітілген: 50 ден 100 адамға дейін – 2% 100 ден 250 адамға дейін – 3% 251 ден жоғары – 4%.

Астана қ., 16.01.2017

Беттер